Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында жасанды интеллект балалардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі

«Қарлығаш» балабақшасында жасанды интеллект балалардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі

«Қарлығаш» балабақшасында жасанды интеллект балалардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі «Қарлығаш» балабақшасында жасанды интеллект балалардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі «Қарлығаш» балабақшасында жасанды интеллект балалардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі «Қарлығаш» балабақшасында жасанды интеллект балалардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында заманауи цифрлық технологиялар мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын, шығармашылық ойлауын және зерттеушілік қызығушылығын дамыту мақсатында қолданылады.

Балалардың жасанды интеллектпен танысуы олардың өз идеясынан басталады. Бала кейіпкерді, оның мінезін және оқиғасын өзі ойлап табады, ал цифрлық құралдар сол ойды суретке, анимацияға немесе шағын медиажобаға айналдыруға көмектеседі.

«Біз қарапайым қағиданы ұстанамыз: алдымен өзің ойлап тап, содан кейін технологияның көмегіне жүгін. Бала кейіпкерінің қандай болатынын, қайда өмір сүретінін және оның басынан қандай оқиғалар өтетінін өзі шешуі керек. Бұл жағдайда жасанды интеллект автордың рөлін атқармайды, тек баланың өз қиялында туған дүниенің нәтижесін көруге көмектеседі», – дейді «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Айнұр Серікқызы.

Соның бір мысалы – баланың өзі ойлап тапқан «мейірімді робот» туралы оқиға. Оның қиялындағы робот қоқыс жинайды, ағаштарды қорғайды және жануарларға қамқорлық жасайды. Кейін бұл идея визуалды бейнеге айналып, шағын медиажобаның негізіне айналды.

Педагогтің айтуынша, мұндай сабақтар балалардың қиялдауына, өз ойын нақты тұжырымдауына, сұрақ қоюына және жалпы идеядан нақты заттарға көшуіне көмектеседі.
«Бағдарламалар мен цифрлық құралдар уақыт өте келе өзгеріп отырады. Сондықтан балаға тек батырмаларды басуды ғана емес, ойлануды, зерттеуді, өз идеясын тұжырымдауды және технологияны саналы түрде қолдануды үйрету маңызды. Жасанды интеллект адамның орнына ойлау үшін емес, оған жаңа нәрсені жасауға көмектесетін құрал болуы керек», – деп атап өтті Айнұр Серікқызы.

«Қарлығаш» балабақшасының тәжірибесі заманауи технологиялардың мектепке дейінгі білім берудің бір бөлігіне айнала алатынын көрсетеді. Ең бастысы – технология баланың өз идеясын дамытуына және оны шығармашылық жобаға айналдыруына мүмкіндік беруі. Бастысы,  баланың өзі әрқашан автор болып қала береді.