Басты бетСтратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау

«Нұр-Сұлтан қаласы, Е495 (жобалық атауы) көшесіндегі №2 ғимарат маңында ядролық медицина орталығын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы

Хабарлама

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 44-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Нұр-Сұлтан қаласы, Е495 (жобалық атауы) көшесіндегі №2 ғимарат маңында ядролық медицина орталығын салу»  мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі-жоба) бастамашылық еткені туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен сұралатын төлемдер

Жалпы ауданы 3500 м2 кем емес циклотронды-өндірістік кешені бар ядролық медицина орталығын салу төмендегілерді қамтуы тиіс:

- «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК №2 ғимаратына тікелей жақын жердегі (50 метрден артық емес) өндірістік және техникалық қажеттілік»;

- бункері бар циклотронымен өндірістік блок, синтез зертханасы, сапаны бақылау және өлшеп-орау зертханасы бар;

- қажетті мамандандырылған үй-жайлары бар ПЭТ/КТ, ОФЭКТ/КТ аппараттары бар диагностикалық блок.

Жоба техникалық күрделі болып табылады.

Жоба шеңберіндегі мемлекеттік міндеттемелердің сұралатын болжамды құны – 14 735 756 000 теңге.

Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеудің мынадай көздері көзделеді:

1) инвестициялық шығындарды өтеу (ИШӨ) 14 294 756 000 теңгеден аспайтын мөлшерде;

2) операциялық шығындарды өтеу (ОШӨ) 441 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде.

ИШӨ және ОШӨ теңгемен төленеді.

ИШӨ және ОШӨ өтеу мерзімі - объектіні пайдалануға берген және объектіні мемлекеттік әріптестің балансына берген күннен бастап 5 (бес) жылдан аспайды.

ИШӨ және ОШӨ көрсетілген шекті мөлшерлері барлық салықтарды, алымдарды, баждарды, бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы қорына және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және өзге де міндетті аударымдарды қамтиды.

МЖӘ шартының қолданылу кезеңінде мемлекетке тиесілі, МЖӘ объектісінің құрамында (егер талап етілсе) мүлікті орнату және пайдалану үшін қажетті ғимараттарды, конструкцияларды өтеусіз пайдалану құқығын жеке әріптеске беруді қоспағанда, мемлекеттік қолдау шаралары берілмейді.

Әлеуетті жеке әріптестерге және балама ұсыныстарға қойылатын талаптар

Жобаға қатысу үшін әлеуетті жеке әріптестер Заңның 32-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Ұсынылған балама ұсыныстар осы хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімдерге сәйкес келуге тиіс.

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда келесі мекенжай бойынша тиісті құжаттарды ұсыну қажет:

010000, Қазақстан Республикасы

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 12-кіреберіс

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ

байланыс телефоны: + 7 (7172) 74-17-46.

Қосымбаев Тимур Ернатұлы

Эл.мекен-жайы: Kosymbayev_TE@udp-rk.kz

Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.