Басты бетҰлттық госпиталь реконструкциясына байланысты кіру жолдары уақытша өзгертілді

Ұлттық госпиталь реконструкциясына байланысты кіру жолдары уақытша өзгертілді

Ұлттық госпиталь реконструкциясына байланысты кіру жолдары уақытша өзгертілді Ұлттық госпиталь реконструкциясына байланысты кіру жолдары уақытша өзгертілді Ұлттық госпиталь реконструкциясына байланысты кіру жолдары уақытша өзгертілді

Медициналық орталықтың Ұлттық госпиталінде құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты пациенттердің аурухана аумағына кіру және қозғалу бағыты уақытша өзгертілді. Енді пациенттер мен келушілер госпиталь аумағына Жамбыл – Панфилов көшелері жағындағы бақылау-өткізу пункті арқылы кіріп-шығады.

Енгізілген өзгерістер құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік пен келушілердің қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар медициналық ұйым штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Дәрігерлердің қабылдауы, мамандардың консультациялары, жоспарлы емдеуге жатқызу, зертханалық және диагностикалық қызметтер бұрынғы тәртіппен көрсетілуде.

Пациенттерге қабылдау күні, уақыты және өтетін орны туралы алдын ала 7071 колл-орталығы арқылы нақтылап алу ұсынылады. Операторлар қажетті дәрігердің қабылдау орны мен оған жету жолын түсіндіріп, қажетті құжаттар туралы ақпарат береді.

Бақылау-өткізу пунктінен жылдам өту үшін пациенттерге қабылдауға жазылғанын немесе медициналық ұйымға жүгінгенін растайтын құжатты (қабылдауға жазылу туралы мәлімет, жолдама, кассалық чек немесе өзге де растайтын құжат) алып жүру ұсынылады. Қажет болған жағдайда күзет қызметкерлері мен жауапты мамандар келушілерге бағыт-бағдар береді.

Бақылау-өткізу пунктінен өткеннен кейін пациенттер белгіленген маршрут бойынша қозғалады. Консультативтік қабылдаулардың басым бөлігі Шевченко көшесі, 59 мекенжайындағы емханада өткізіледі. Мамандардың қабылдауы емхананың 3-қабатында жүргізіледі.

Жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттер қабылдау бөліміне алдын ала келісілген күн мен уақытта келеді. Госпитализация бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінің, учаскелік терапевттің немесе бейінді маманның жолдамасы негізінде жүзеге асырылады. Жолдама рәсімделгеннен кейін қабылдау бөлімінің қызметкерлері пациентпен хабарласып, келу уақытын нақтылайды. Келісімшарт негізінде қызмет алатын пациенттер үшін де осы тәртіп қолданылады.

Госпиталь мәліметінше, реконструкция кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігін сақтап, емдеу процесін тоқтатпай жалғастыруға мүмкіндік береді. Пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр.

«Ұлттық госпиталь қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Құрылыс жұмыстары кезінде пациенттердің қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта маршрутизация жетілдіріліп, колл-орталықтың жұмысы күшейтілді. Сонымен қатар мердігер ұйымдармен шу деңгейін төмендету және демалыс пен мереке күндері шулы жұмыстарды шектеу жөнінде келісім жасалды», – деді госпиталь директорының емханалық жұмыс жөніндегі орынбасары Руслан Нурахунов.

Госпиталь атап өткендей, реконструкцияның негізгі мақсаты – заманауи, қауіпсіз әрі технологиялық медициналық кешен қалыптастыру. Бұл ретте халыққа медициналық көмек толық көлемде көрсетіле береді.