Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Рахат Бекқадамовтың төрағалығымен қызметтік әдеп, іскерлік қарым-қатынас мәдениеті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған семинар өтті.
«Іскерлік және қызметтік әдеп – сенімнің, адалдықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі» тақырыбында Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы тәуекелдердің алдын алу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Роман Лагутин баяндама жасады. Ол мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдептің, жеке жауапкершілік пен адалдықтың рөлі, сондай-ақ осы қағидаттардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы маңызы туралы айтып берді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықов «Адал азамат – адал қызмет пен өзара құрметтің негізі» тақырыбында сөз сөйлеп, адалдық, жауапкершілік және адамдарға құрметпен қарау мемлекеттік қызметтің ажырамас қағидаттары екенін атап өтті.
Семинар барысында қатысушыларға күнделікті кәсіби жұмыста қызметтік әдеп нормаларын, іскерлік қарым-қатынас мәдениетін және адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы тағы бір мәрте еске салынды.