Басты бетЖалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741892, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін https://eqyzmet.gov.kz сілтемесі бойынша сыртқы порталда жалпы конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, B-3

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің жеке кітапханалары, жеке архивінің және музейінің жұмыс істеуін, сондай-ақ қонақүй қызметін ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру..

Жетекшілік ететін ұйымдардың даму стратегиясы мен перспективаларын белгілеу, жетекшілік ететін ұйымдарға инновацияны енгізу және зерделеу, олардың негізгі (өндірістік) индикаторларын анықтау. Жетекшілік ететін ұйымдардың перспективалық даму жоспарларының орындалуына, өндірістік қызметіне, оның ішінде көрсетілетін қызметтің сапа бөлігіндегі негізгі көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізу мен бақылау жасауды жүзеге асыру.

 Жетекшілік ететін ұйымдардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мәжілістері мен отырыстарына материалдар, талдамалық материалдар, ақпараттар, бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да құжаттарды дайындауды қамтамасыз ету.

Орташа лауазымдық жалақысы: 586492

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-3 санаты үшін:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-4, С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Шағым жасау тәртiбi: Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады