Басты бетПІБ жүйесіндегі ұйымдарда персоналды басқарудың заманауи тәсілдері енгізілуде

ПІБ жүйесіндегі ұйымдарда персоналды басқарудың заманауи тәсілдері енгізілуде

ПІБ жүйесіндегі ұйымдарда персоналды басқарудың заманауи тәсілдері енгізілуде

Дәстүрлі кадрлық әкімшілендіруден адами ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдеріне көшу Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдар қызметінің басым бағыттарының біріне айналуда.

Соңғы жылдары кадр қызметтері есепке алу мен есеп беру функцияларын орындайтын әкімшілік құрылымнан персоналды дамытудың стратегиялық орталықтарына трансформациялануда. Бұл жұмысты іске асырудағы негізгі рөл «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ-ның HR-орталығына жүктелген.

2024 жылдан бастап ведомстволық бағынысты ұйымдарда қызметкерлердің әлеуетін дамытуға, олардың жұмысқа тартылуын және қызметінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған персоналды басқарудың тиімді моделін қалыптастыруды көздейтін заманауи HR-құралдар жүйелі түрде енгізілуде.

«МТАЖО» АҚ HR-орталығының басшысы Айнұр Қамарованың айтуынша, жүргізіліп жатқан қайта құрулардың негізгі мақсаты адами ресурстарды стратегиялық басқаруға көшу: «Заманауи HR  кадрлық процестерді сүйемелдеу ғана емес, сонымен қатар персоналды дамыту арқылы ұйымның стратегиялық мақсаттарына жету құралы».

Трансформация аясында бірыңғай құзыреттер моделін қалыптастыруды, персоналды бағалау жүйесін енгізуді, қызметкерлердің адалдығына талдау жүргізуді, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті диагностикалау мен дамытуды қамтитын кешенді шаралар іске асырылуда.

Қызметкерлердің әлеуетін анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылады. Ұйымдарда кадрлық резервті қалыптастыру механизмдері енгізіліп, жеке даму жоспарлары әзірленуде, оқыту мен кәсіби өсу тәсілдері жетілдірілуде.

Сонымен қатар ұжымдар жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторларды уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-психологиялық диагностика және персоналдың жұмысқа тартылу деңгейін зерттеу құралдары қолданылады.

Трансформацияның негізгі элементтерінің бірі нәтижелілікті басқару жүйесін (KPI) енгізу. Ол әрбір қызметкердің қосқан үлесін бағалаудың ашықтығын қамтамасыз етеді және персонал қызметін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағыттайды.

Бұдан бөлек, жұмыс берушінің оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл білікті мамандарды тартуға және тұрақтандыруға ықпал етеді.

Аталған шараларды іске асыру қазірдің өзінде оң нәтижелер көрсетуде. Қызметкерлердің жұмысқа қызығушылығының артуы, кадрлық әлеуеттің нығаюы және тапсырмаларды орындау сапасының жақсаруы байқалады.

Осылайша, адами ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдеріне көшу басқару моделінің өзін есепке алу мен бақылаудан дамуға, сенімге және адам әлеуетін ашуға қарай өзгертуді көрсетеді.