Басты бетБалалар цифрлық ойлаудағы алғашқы қадамдарын қалай жасайды

Балалар цифрлық ойлаудағы алғашқы қадамдарын қалай жасайды

Балалар цифрлық ойлаудағы алғашқы қадамдарын қалай жасайды Балалар цифрлық ойлаудағы алғашқы қадамдарын қалай жасайды Балалар цифрлық ойлаудағы алғашқы қадамдарын қалай жасайды Балалар цифрлық ойлаудағы алғашқы қадамдарын қалай жасайды

 

Цифрлық орта бала өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл тұтас білім жүйесін, оның ішінде  мектепке дейінгі білім беру саласындағы оқыту тәсілдерін қайта қарауды талап етеді. Елімізде жарияланған Цифрландыру мен жасанды интеллек жылы аясында бұл мәселенің маңыздылығы арта түседі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Нұржан Набатованың айтуынша, бүгінде білімді жинақтаудан гөрі, ақпарат ағынында бағдар таба білу, оны түсіндіру және шешім қабылдау қабілеті маңызды.  

Мекемеде бұл дағдылар жеке бағыт ретінде емес, тұтас білім беру ортасының логикасы ретінде қалыптастырылады. Оның негізінде ойын, зерттеу және практикалық тәжірибені біріктіретін «Бастау» авторлық бағдарламасы жатыр.

Бағдарламаға сай тәжірибе жүйелі тапсырмалар арқылы жүзеге асады, яғни заттарды белгілі бір белгілер бойынша сұрыптау, заңдылықтарды анықтау, қарапайым алгоритмдер құру, символдар мен бейнелерді деректер ретінде пайдалану. Сонымен қатар логикалық ойлау сингапурлық математика элементтері арқылы күшейтіледі, мұнда бастысы жаттау емес, түсіну. Бала тапсырманың құрылымын көруді, байланыстарды орнатуды және бірнеше шешім жолын табуды үйренеді. Бұл дағдылар кейін цифрлық технологиялармен және жасанды интеллект жүйелерімен өзара іс-қимыл жасаудың негізін қалыптастырады.

Сонымен қатар бала тек тұтынушы емес, белсенді қатысушы болатын практикаларға ерекше көңіл бөлінеді. Медиашығармашылық аясында балалар педагогтің жетекшілігімен визуалды оқиғалар құрастырып, коллаждар жасап, шағын көріністер қойып, мәтіндер жазып, «интервью» форматында өздерін сынап көреді. Кейбір форматтарда, мысалы, иллюстрациялар жасау немесе мәтінді дыбыстау үшін жасанды интеллект элементтері қолданылады. Бұл ретте негізгі назар нәтижеге емес, оны түсінуге аударылады, яғни балалар ұсынылған нұсқаларды талқылап, ең қолайлысын таңдап, өз таңдауларын түсіндіреді.

Сарапшының пікірінше, цифрлық ойлау сын тұрғысынан ойлай отырып, сұрақ қоя білу, күмәндану, салыстыру және өз көзқарасын қалыптастыру қабілетімен тығыз байланысты. Бұл үшін «Идеялар қоржыны» және «Маңызды қабырға» сияқты тәсілдер қолданылады, олар балаларды талқылауға және тәжірибені жинақтауға үйретеді.