Басты бетҚазақстан шипажайлары Health Resort by Qazwell бірыңғай бренді аясында бірігуде

Қазақстан шипажайлары Health Resort by Qazwell бірыңғай бренді аясында бірігуде

Қазақстан шипажайлары Health Resort by Qazwell бірыңғай бренді аясында бірігуде

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының шипажай-курорттық мекемелері Health Resort by Qazwell бірыңғай бренді аясында бірігуде. Бұл шешім сауықтыру туризмінің негізгі сегменттері бойынша суббрендтері бар ұлттық брендті қалыптастыруға бағытталған. Желінің бірыңғай атауы – Qazwell – «Қазақстандық денсаулық көзі» тұжырымдамасын білдіреді. Жаңа бренд ұлттық бірегейлік пен елдің табиғи әлеуетін денсаулық индустриясының халықаралық стандарттарымен ұштастырады. Атауы минералды су көздерімен, дала климатымен және ағзаны қалпына келтірумен байланысты.

Дескриптор ретінде Health Resort («сауықтыру курорты») термині таңдалды, ол медициналық-шипажайлық бейінді, профилактикалық бағытты және денсаулыққа басымдық беруді айқындайды. Шипажайлар бағдарламаларын талдау олардың халықаралық wellness стандарттарына сәйкес келетінін және әлемдік нарықта сұранысқа ие екенін көрсетті. Шипажайларда cardio, pulmo, detox бағдарламалары, медициналық диагностика, оңалту, сондай-ақ wellness және SPA қызметтері жүзеге асырылады. Medical wellness сегментіне көшу бәсекесі төмен нарыққа шығуға, профилактика мен check-up-қа сұранысы бар аудиторияны тартуға мүмкіндік береді.

Health Resort by Qazwell жүйесіне Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайы, Алматыдағы Almaty Resort, Ессентукидегі «Қазақстан» және Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайы секілді негізгі нысандар кіреді. Әрбір курорт профилактика, денсаулықты қалпына келтіру және медициналық сауықтырудың бірыңғай тұжырымдамасы аясында дамиды.

«Бүгінде адамдардың көбі профилактика мен денсаулықты қалпына келтіру бағдарламаларын таңдауда. Біздің міндет Қазақстанның табиғи әлеуеті мен заманауи медициналық технологияларды біріктіріп, қазақстандық курорттарды халықаралық сауықтыру туризмі нарығында танымал әрі сұранысқа ие ету», деп атап өтті шипажайлар желісінің президенті Яков Стерлигов.

Табиғи ресурстардың, бірегей климаттың және медициналық инфрақұрылымның дамуының арқасында Қазақстан сауықтыру туризмі саласында айтарлықтай әлеуетке ие. Health Resort by Qazwell брендін қалыптастыру шипажайлық-курорттық саланы жүйелі дамытуға және елімізді денсаулықты қалпына келтіру, профилактика және денсаулықты нығайту аумағы ретіндегі позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.