Бүгінде мемлекеттік қызметтердің шамамен 90%-ы онлайн форматта қолжетімді. Олардың жартысына жуығын азаматтар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы алады. Парламентаризм институтының Жария құқық және мемлекеттік басқару орталығының бас маманы Сұлтан Пановтың айтуынша, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мемлекеттік органдардың дәстүрлі жұмыс тәртібін өзгертуде.
2025 жылдың басынан бері онлайн форматта 51,5 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Күн сайын eGov қосымшасын 670 мыңнан астам адам пайдаланады, ал ай сайынғы аудитория 6,4 млн пайдаланушыдан асады. Ең сұранысқа ие қызметтер қатарында зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар, емханаға тіркелгенін растау, жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер бар.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға арналған «Заң және тәртіп» сервисі және кредиттерден ерікті түрде бас тарту құралдары сияқты жаңа қызметтер іске қосылды. Цифрландыру тек қызмет көрсету жылдамдығын ғана емес, халықтың дағдысын да өзгертуде: енді смартфон мемлекетпен өзара іс-қимылдың негізгі арнасына айналып отыр.
2026 жылы қабылданған Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» Заң маңызды қадам болды. Бұл құжаттар мемлекеттік басқаруда деректер мен жасанды интеллектіні пайдалануды реттейді, шешімдердің ашықтығын арттырады, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және жаңа интеллектуалды сервистер үшін құқықтық негіз қалыптастырады.