Басты бетБаланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады?

Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады?

Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады? Баланың эмоционалдық жетілуі мен өзіне деген сенімділігін балабақша қалай қалыптастырады?

Қазіргі қарқынды өзгерістер жағдайында эмоционалдық интеллект баланың табысты дамуының негізгі факторларының біріне айналып отыр. Ол өмір бойы өзіне сенімділік, дербестік және қиындықтарды еңсере білу қабілетінің берік негізін қалайды.

Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде эмоцияларды түсіну және реттеу қабілеті ерте академиялық жетістіктерге қарағанда неге маңыздырақ, балабақшаның эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастырудағы рөлі қандай және бұл баланың болашағына қалай әсер етеді? Осы мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы мектепке дейінгі білім беру сапасын мониторингтеу және бағалау басқармасының басшысы Раушан Қожахметова пікір білдірді.

Маманның айтуынша, тек IQ көрсеткіштері мен ерте зияткерлік жетістіктерге сүйену баланың үйлесімді дамуына кепіл бола алмайды. Тәжірибеде жоғары интеллектуалдық әлеуетке ие балалардың өздері жиі мазасыздыққа, қателесуден қорқуға және қарым-қатынас жасауда қиындықтарға тап болады.

«IQ деңгейі жоғары бала топтағы ең мазасыз әрі өзін жалғыз сезінетін бала болуы мүмкін», — дейді Раушан Қожахметова.

Сарапшының пікірінше, баланың әлемі ең алдымен эмоциялардан басталады. Ерте жаста балалар өз жағдайын сөзбен емес, сезім арқылы білдіреді. Сондықтан балабақшаға бейімделу кезеңі көбіне жиі жылау мен алаңдаушылықпен қатар жүреді,  бала жаңа ортаға түсіп, өз эмоцияларын әлі толық басқара алмайды.

Балабақшаларда эмоционалдық интеллектіні дамыту күнделікті білім беру үдерісіне кіріктірілген, жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүзеге асатын процесс ретінде қарастырылуы тиіс. 

Ясли топтарында заттық әрекеттерді меңгеруге және қоршаған ортамен ұқыпты өзара әрекетке басымдық беріледі. Ал кіші және орта топтарда қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, келісімге келуге, өз сезімдерін сөзбен жеткізуге және құрдастарымен агрессиясыз әрекеттесуге үйрету маңызды.

«Бала өз ішкі күйін реттей алмаса, оның интеллектуалдық әлеуеті «бұғатталып» қалады. Білім бар, бірақ оны қолдану мүмкіндігі шектеулі болады», — деп атап өтті маман.

Осы үдерісте ойын формаларына ерекше мән беріледі. Ойын барысында балалар нақты өмірлік жағдайларды бастан өткеріп, күте білуді, бірлесе әрекет етуді, сәтсіздікті қабылдауды және қайта әрекет жасап көруді үйренеді. Қате сәтсіздік емес, оқудың табиғи әрі құнды бөлігі ретінде қабылдануы тиіс.

Білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі отбасы мен балабақша арасындағы серіктестік. Ата-аналар баланың эмоцияларымен жұмыс істеуге арналған практикалық құралдар алады. Бұл мазасыздық пен агрессия деңгейін төмендетіп, эмоционалдық сөздік қорды кеңейтуге және құрдастарымен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, сарапшы эмоционалдық дамудың уақытша үрдіс емес, қазіргі мектепке дейінгі білім берудің берік іргетасы екенін атап өтеді.

«Эмоционалдық интеллект — өзіне сенімділік, дербестік және ынтымақтастық қабілеті қалыптасатын негіз. Онсыз білім мен дағдылар толық ашылмайды», — деп түйіндейді Раушан Қожахметова.