Қыс мезгілінде мандарин жай ғана жеміс емес, мерекелік дастарқан мен жаңа жылдың басты символдарының біріне айналады. Сол себепті олардың дәмінен бөлек, сапасын тексеріп алудың маңызы арта түседі.
Медициналық орталықтың Референс-лабораториясы мандариннің сапасын зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мамандар пестицидтер мен нитраттардың мөлшерін тексеріп, өнімнің қауіпсіздігін және белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтай алады.
Кез-келген импортталған жемістер сияқты мандарин де міндетті бақылаудан өтеді.
Қалдық заттар көбінесе жемістің қабығында қалады, сондықтан сыртқы көрініс маңызды рөл атқарады. Тым жылтырап тұруы немесе қабығының жабысқақ болуы мандариннің қосымша өңделгенінен белгі беруі мүмкін, сол себепті мұқият назар аударуды қажет етеді.
Сарапшылар жемісті таңдағанда оның хош иісіне, қаттылығына және қабығының бүтіндігіне назар аударуға кеңес береді. Сонымен қатар, жемістерді дұрыс дайындау да маңызды, оларды жылы ағып тұрған сумен мұқият жуу қажет.
Мандаринді лабораториялық бақылауы қалай жүргізіледі, маусымдық жемістерді таңдағанда нені ескеру керек.
Бұл туралы толығырақ мына сілтемеден біле аласыз https://kaznovosti.kz/