Басты бетИзотоптық талдау өнім құрамын анықтауға қалай көмектеседі: Медициналық орталықтың Референс-зертха...

Изотоптық талдау өнім құрамын анықтауға қалай көмектеседі: Медициналық орталықтың Референс-зертханасының тәжірибесі

Изотоптық талдау өнім құрамын анықтауға қалай көмектеседі: Медициналық орталықтың Референс-зертханасының тәжірибесі Изотоптық талдау өнім құрамын анықтауға қалай көмектеседі: Медициналық орталықтың Референс-зертханасының тәжірибесі

Фальсификацияланған өнімдер зертханалық бақылау үшін әлі де елеулі сын-қатер болып отыр, себебі шикізатты алмастыру және технологиялық талаптардың бұзылуы көбіне визуалды немесе органолептикалық тұрғыда байқала бермейді. Стандартты химиялық әдістер сапаның негізгі көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді, алайда өнімнің шығу тегінің түпнұсқалығын үнемі нақты айқындай бермейді.

Мұндай жағдайларда көміртек, сутек және оттегі изотоптарының табиғи арақатынасын зерттеуге негізделген жоғары дәлдіктегі изотоптық талдау әдісі қолданылады. Алынған «изотоптық профиль» қолданылған шикізат базасы мен өндіріс жағдайларын көрсетіп, ингредиенттердің алмастырылуын және фальсификация белгілерін анықтауға көмектеседі.

Зерттеулер Медициналық орталықтың Референс-зертханасында заманауи Thermo Fisher Delta Q изотоптық масс-спектрометрінің көмегімен жүргізіледі. Қондырғының мүмкіндіктері талдаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз етіп, дәстүрлі зерттеу әдістерімен анықталмайтын жасырын сәйкессіздіктерді анықтауға жол ашады.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз https://kaznovosti.kz/