Басты бетГендерлік теңдік корпоративті мәдениеттің маңызды бөлігі

Гендерлік теңдік корпоративті мәдениеттің маңызды бөлігі

Гендерлік теңдік корпоративті мәдениеттің маңызды бөлігі Гендерлік теңдік корпоративті мәдениеттің маңызды бөлігі Гендерлік теңдік корпоративті мәдениеттің маңызды бөлігі Гендерлік теңдік корпоративті мәдениеттің маңызды бөлігі

15 қазан күні гендерлік теңдік пен кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған семинар өтті. Шараны ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімі меңгерішісінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Жұмағұлова Іс Басқарамасындағы қызметкерлердің 59%-ы әйелдер екенін атап өтіп, ұжымдағы өзара қолдау мен құрметтің маңыздылығына тоқталды.  

БҰҰ-Әйелдер құрылымының Қазақстандағы өкілдігі басшысы Дина Амришева қызметкерлер арасында жынысына, жасына, ұлтына, отбасылық жағдайы мен мүгедектігіне байланысты болатын кемсітушіліктің түрлері туралы айтып берді. Оның сөзінше, мұндай жайттар тек қана жеке басқа салдарын тигзіп қана қомай, ұжымдағы корпоративті мәдениетке, сенім жағдайына және өзара құрметке кері әсер етеді.

Қатысушылар семинар барысында күнделікті өмірде кездесетін жайттарды талқылап, кемсітушілік пен қудалаудың құрбаны немесе куәсі болған жағдайда қалай әрекет етуге керектігіне қатысты тәжірибе тұрғысындағы ұсыныстар алды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік құрылымдарда ұжымда әрбір қызметкер өзін жан-жақты қорғалған кадр сезінетін және қауіпсіз, әділетті, құрметке негізделген жұмыс ортасын құруға септігін тигізеді.