Басты бетБалықтағы сынап мөлшерін анықтау: Референс-зертхана мамандарының кеңесі

Балықтағы сынап мөлшерін анықтау: Референс-зертхана мамандарының кеңесі

Балықтағы сынап мөлшерін анықтау: Референс-зертхана мамандарының кеңесі Балықтағы сынап мөлшерін анықтау: Референс-зертхана мамандарының кеңесі Балықтағы сынап мөлшерін анықтау: Референс-зертхана мамандарының кеңесі Балықтағы сынап мөлшерін анықтау: Референс-зертхана мамандарының кеңесі Балықтағы сынап мөлшерін анықтау: Референс-зертхана мамандарының кеңесі

Балық тағам түрінде ақуыз бен омега-3 май қышқылдарының табиғи көзі екені белгілі. Алайда оның пайдалы дәмінің тасасында көзге көрінбейтін қауіп болуы мүмкін. Әсіресе ағзада жиналып, денсаулыққа елеулі зиян келтіретін сынаптың салдары жайлы не білеміз?

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасы мамандарының айтуынша, сынаптың шекті мөлшерден асуын дер кезінде анықтаудың ең дұрыс жолы зертханалық бақылау.

Санитариялық-химиялық зерттеулер зертханасының химигі Айнұр Серікқанқызының айтуынша, сынап табиғи ортаға негізінен өндірістік қалдықтар арқылы тарайды. Ол атмосфераға, су мен топыраққа түсіп, жаңбырмен су айдындарына шөгеді. Мұнда микроорганизмдердің әсерінен ең улы түріне метилсынапқа айналып, қоректік тізбекке еніп кетеді: алдымен микробалдырлар арқылы ұсақ балықтарға, одан ірі жыртқыш балықтардың түрлеріне өтеді. Балықтың ас тізбегіндегі орны жоғары болған сайын, соғұрлым оның ағзасында жиналатын улы элементтің мөлшері көп болады.

Сынаптың аз ғана мөлшері де ағзаға ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін. Ол зат алмасуды бұзып, бауыр мен бүйрекке, жүйке жүйесіне кері ықпал етеді. Әсіресе жүкті әйелдер мен балалар үшін аса қауіпті – улы зат ұрықтың жүйке жүйесінің дамуын баяулатуы ықтимал. «Сынаптың дәмі де, иісі де жоқ, бірақ ол ағзада жиналып қалуы мүмкін. Сондықтан балықтың қауіпсіздігін анықтаудың ең дұрыс жолы – зертханалық талдау», - дейді Айнұр Серікқанқызы.

Зерттеу барысында заманауи талдау құрылғылары қолданылады, олар сынаптың іздік мөлшерін де дәл анықтай алады. Әр сынама арнайы дайындықтан өтіп, алынған нәтижелер санитариялық нормалармен салыстырылады. Мұндай бақылау адам денсаулығына қауіпті өнімдердің саудаға түспеуін қамтамасыз етеді.

Мамандар тұтынушыларға шығу тегі белгісіз қақталған немесе кептірілген балықты сатып алмауға, өнімнің ветеринариялық сертификатына назар аударуға, ұсақ теңіз түрлерін таңдауға және бір сортты балықты шамадан тыс тұтынбауға кеңес береді.

Толығырақ https://kaznovosti.kz/