


Кез келген ұйымның табысқа жетуіндегі басты фактор – адамдар және олардың өзара қарым-қатынасы. Дегенмен, осы тиімді қатынасты жолға қоюда қиындықтар туындауы мүмкін. Бүгін smartnews.kz сайтында https://smartnews.kz/ осы тақырыпта ҚР ПІБ Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО) әзірлеген ауқымды мақала жарық көрді.
Мақалада айтылғандай, Қақтығыстар, түсінбеушіліктер, шиеленістер – бұлардың бәрі жұмыс үдерістерінің қалыпты бөлігі болып табылады. Алайда, мәселе басқада: мұндай жағдайда не істеу керек? Әдеттегі жол – кінәлі адамды іздеу, бақылауды күшейту, қатаң ережелер енгізу. Бірақ HR-мамандар мен басшылардың көбі бүгінде тиімділіктің сыры қысымда емес, позитивті қарым-қатынас орната білуде екенін түсінуде. Дәл осы қабілет стрессті азайтып, сенімділікті сақтап, күрделі жағдайларды дамудың жаңа бастамасына айналдыруға көмектеседі.
Позитивті коммуникация қаншалықты маңызды? Ол үшін қандай практикалық құралдарды қолданған жөн? Толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.