Басты бетСЭСО-да тағам өнімдерінің жасырын құрамдарын ПТР-талдау арқылы анықтайды

СЭСО-да тағам өнімдерінің жасырын құрамдарын ПТР-талдау арқылы анықтайды

СЭСО-да тағам өнімдерінің жасырын құрамдарын ПТР-талдау арқылы анықтайды СЭСО-да тағам өнімдерінің жасырын құрамдарын ПТР-талдау арқылы анықтайды СЭСО-да тағам өнімдерінің жасырын құрамдарын ПТР-талдау арқылы анықтайды СЭСО-да тағам өнімдерінің жасырын құрамдарын ПТР-талдау арқылы анықтайды

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен құрамының шынайылығын қадағалау – тек өндірушілер үшін ғана емес, сонымен қатар бақылаушы органдар үшін де аса маңызды міндеттердің бірі. ҚР ПІБ Медорталығы Референс-зертханасы осы орайда өзіндік тексеру тәсілдерін қолданады. Бұл туралы kaznovosti.kz хабарлады.

Мақалада айтылғандай, өнім құрамын нақты тексеруге және жануар текті компоненттердің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін заманауи, әрі жоғары дәлдіктегі әдістердің бірі – полимеразды тізбекті реакция (ПТР) қолданылатын молекулярлық-генетикалық талдау.

Референс-зертхананың молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Әлия Ибраеваның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі саласында молекулярлық-генетикалық әдістерді қолдану – өндіріс үдерісінің ашықтығын арттырып, тұтынушылардың сенімін нығайтуға және тағам тізбегінің барлық кезеңінде санитариялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақаланың толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады kaznovosti.kz