Елімізде заң шығару процесі қалай жүзеге асатыны, заңдар қалай жазылатыны туралы «Вечерняя Астана» газетіне Қазақстан Республикасы Парламентаризм институтының Қоғамдық заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бас сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Иржанов айтып берді.
Заң жазу - Қазақстан Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, «Құқықтық актілер туралы» Заңға және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге негізделген күрделі, көп кезеңді процесс.
Заң жазу процесі идеядан басталады. Бұл идеяның түпкі негізінде - қоғамның, мемлекеттің немесе белгілі бір саланың қоғамдық қатынастарды реттеуге деген қажеттілігі жатады. Мұндай қажеттілік түрлі себептерге байланысты туындауы мүмкін: әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі, құқықтық олқылықтардың анықталуы немесе реформалар жүргізілуі. Кейде бұл - қоғам тарапынан туындаған сұранысқа немесе нақты бір мәселеге берілген жауап.
Заң жобасының идеясын талқылауға бастамашы бола алатындар - мемлекеттік органдар ғана емес, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық белсенділер, сарапшылар, бизнес өкілдері немесе өз көзқарасын білдірген қарапайым азаматтар болуы мүмкін, - деді Әлімжан Иржанов.
Бұл - Қазақстанда заңдар жазылып, қабылданатын күрделі де жүйелі процестің тек алғашқы сатысы ғана. Бұл үдеріс қоғам мен бизнес өкілдерінің, сарапшылар мен түрлі мемлекеттік органдардың кеңінен қатысуын көздейді. Мақаланың толық мәтінін келесі сілтеме арқылы оқуға болады: vechastana.kz