Басты бетКардиолог дәрігердің 5 кеңесі: жүрекке қамқор болғыңыз келсе

Кардиолог дәрігердің 5 кеңесі: жүрекке қамқор болғыңыз келсе

Кардиолог дәрігердің 5 кеңесі: жүрекке қамқор болғыңыз келсе Кардиолог дәрігердің 5 кеңесі: жүрекке қамқор болғыңыз келсе Кардиолог дәрігердің 5 кеңесі: жүрекке қамқор болғыңыз келсе

6 шілде - Дүниежүзілік кардиология күні. Бұл маңызды дата алғаш рет 2000 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен белгіленіп, содан бері жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған күн ретінде аталып өтеді.

Осыған орай, ҚР ПІБ МО ауруханасының бірінші санатты кардиологі Ақмарал Молдажанова мамандығының ерекшеліктері, жүрек ауруларының қазіргі тенденциясы және жүрекке күтім жасау жолдары туралы elordainfo.kz тілшісіне арнайы сұхбат берді.

Жүрек аурулары жасарып барады
Дәрігердің айтуынша, соңғы жылдары жастар арасында жүрек-қантамыр ауруларының көбеюі алаңдатарлық деңгейге жеткен.
«Бұрын мұндай диагноздар 50 жастан асқан адамдарда жиі кездесетін болса, бүгінде 25-30 жастағы азаматтар да кардиолог көмегіне жүгінеді», -дейді Ақмарал Молдажанова.
Бұл үрдіске бірнеше фактор әсер етеді:стресс, ұйқының бұзылуы, қимыл-қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер (темекі, алкоголь) және жоғары өмір қарқынына организмнің дайын болмауы.

Жүрекке күтім жасау - болашаққа инвестиция
Кардиолог дәрігер әр адамға жүрек саулығын сақтау үшін мынадай 5 маңызды кеңес береді:

1. Күн сайын қозғалыста болыңыз. Жаяу жүру, баспалдақпен көтерілу, таза ауада серуендеу - жүрек жұмысын жақсартатын қарапайым, бірақ тиімді әдістер.
2. Тамақтану мәдениетін өзгертіңіз. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды шектеп, оның орнына балық пен көкөністі көбірек тұтыныңыз.
3. Денсаулығыңызды бақылаңыз. Қан қысымын, холестерин мен қандағы қант деңгейін жылына кем дегенде бір рет тексертіп тұру маңызды.
4. Зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Темекі мен ішімдікті тастау -жүрекке жасалатын ең үлкен жақсылық.
5. Стресске жол бермеңіз. Эмоциялық күйзелістерді басқару, тынығуға уақыт табу – жүрек ауруларының алдын алудың маңызды бөлігі.

«Жүрек үндемей жұмыс істегенімен, оған қамқорлық қажет. Оған күтім жасау - өз өміріңе, отбасыңа және болашағыңа жасалған қамқорлық», - деп қорытындылады дәрігер.

Жүрек-қантамыр ауруларына шалдығудың басқа қандай себептері бар? Қай спорт түрі жүрекке пайдалы? Бұл сұрақтарға кардиолог Ақмарал Молдажанованың толық сұхбатынан жауап таба аласыз.

Толық нұсқасы: elordainfo.kz сайтында оқыңыз