Басты бетРеференс-зертхана кеңесі: табиғи балды жалған балдан қалай ажыратамыз?

Референс-зертхана кеңесі: табиғи балды жалған балдан қалай ажыратамыз?

Референс-зертхана кеңесі: табиғи балды жалған балдан қалай ажыратамыз? Референс-зертхана кеңесі: табиғи балды жалған балдан қалай ажыратамыз? Референс-зертхана кеңесі: табиғи балды жалған балдан қалай ажыратамыз?

Мемлекеттік Іс басқармасының Медициналық орталығы жанындағы Референс-зертхананың мамандары kaznovosti.kz порталының оқырмандарына табиғи пайдалы балды жалған балдан қалай ажыратуға болатынын айтып берді.

Белгілі болғандай, бал шындықты «айта» алады. Нақтырақ айтқанда – оның орнына диастаза деп аталатын фермент сөйлейді. Диастазаны аралар шірнені өңдеу кезінде бөледі. Дәл осы фермент күрделі көмірсуларды ыдыратып, шірнені дайын өнім – балға айналдырады, сөйтіп оған ерекше құнар береді.

Тиісті стандартқа сәйкес, бал құрамында кемінде 8 бірлік диастаза болуға тиіс. Балдың сапасы неғұрлым жоғары болса – бұл көрсеткіш те соғұрлым жоғары болады. Ол 20 бірлікке және одан жоғарыға жетуі мүмкін.

Бұл табиғи компонентті қолдан жасап шығару мүмкін емес – ол балдың жалған немесе табиғи екенін дәл анықтайтын «өтірік детекторы» іспетті.
Нағыз балды жалғаннан дәл осы диастаза ажыратады – сондықтан ҚР ПІБ жанындағы Референс-зертхана мамандары зерттеу кезінде дәл осы көрсеткішке басты назар аударады.

Өкінішке қарай, бұл компонентті үй жағдайында анықтау мүмкін емес.
Толығырақ сілтеме бойынша оқуға болады kaznovosti.kz