Ұйымның құрылған жылы:
ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы қаулысына сәйкес құрылды.
Қызмет саласы:
Қызметтік ғимараттарды пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін мен Үкіметін жабдықтау функцияларын орындау
Берілетін қызметтер:
1) «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, сондай-ақ Кәсіпорын теңгеріміндегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынға қызмет көрсетуге берген басқа да ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Кәсіпорын қызмет көрсететін ғимараттарда өткізетін мәжілістерге, конференциялар мен басқа да ресми іс-шараларға қызмет көрсету;
3) «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, оның ішінде олардың қызметтік пен өндірістік орынжайлары мен құрылыстарын жиһазбен, еден төсеніштерімен, кілем бұйымдарымен, есептеуіш техника құралдарымен, ұйымдастыру ісі техникасымен, баспа өнімімен, кеңсе, санитарлық-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық заттармен, парфюмерия өнімімен жабдықтау;
4) Кәсіпорын қызмет көрсететін ғимараттарды, инженерлік жүйелер мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру;
5) қызметтік пен өндірістік-техникалық орынжайларды, жалпы пайдалану орындарын тазалау және күтіп ұстау, аулалар мен іргелес аумақтарды, гүлзарларды, көгал алаңдары мен жасыл екпелерді абаттандыру;
6) Тиісті саланың уәкілетті органы үшін жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстарды орындау кезінде тапсырыс беруші болу және шарттар жасау;
7) баспа қызметін жүзеге асыру;
8) қызмет көрсететін ғимараттарда медициналық көмек көрсету пунктін ұйымдастыру.
Ұйымның сипаттамасы:
Дирекция жалпы ауданы 370 561 шаршы метр болатын 7 ғимаратқа қызмет көрсетеді, олар: Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы, Үкімет Үйі, Министрліктер Үйі (еліміздегі ең үлкен кеңселік ғимарат), Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның әкімшілік ғимараты.
Республика даңғылы 62 мекенжайында Баспа-полиграфия орталығы орналасқан, онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы мен қаулылары, «Мирас» журналы және басқа да Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырысы бойынша басылымдар шығарылады.
Кәсіпорынның штаттық саны 1790 адамды құрайды, олардың 61%-ның жоғары және орта арнаулы білімі бар.
Компания туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы қаулысына сәйкес құрылған.
Дирекция жоғары лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты 1999, 2006 және 2016 жылдарда Президентті ұлықтау рәсімі, Қазақстан Республикасы Президентінің шетел мемлекеттерінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуі, ТМД мемлекет басшыларының ШЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ИЫҰ саммиттерін өткізу, «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында шетел мемлекеттері басшыларының біздің елге келуі сияқты маңызды тарихи оқиғалардың ортасында қызмет етеді.
Миссиясы
Елдің әл-ауқатын айқындайтын сондай-ақ мемлекеттің беделін сақтайтын жоғары мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін сапалы қызмет көрсету.