
БҰҰ дерегі бойынша, Қазақстан территориясының 75 пайызы жер сілкінісі, су тасқыны, құм көшкіні, орман өрті сынды табиғи апаттарға бейім жерлер. Алайда, тұрғын үй қорының бар болғаны 3-7 пайызы ғана сақтандырылған. ҚР Парламентаризм институтының Жеке заңнама орталығының басшысы Юлия Костянаяның бүгін vechastana.kz сайтында жарияланған мақаласы осы тақырыпқа арналды.
Автор баспананы сақтандыру қандай заңнамалық нормаларда қарастырылғанын түсіндіріп берді. Алайда, бұл құжаттарда да нақты тетіктер бекітілмеген.
Шетелдердің тәжірибесіне тоқтала келе, Юлия Костяная елімізде осы бағытта қолға алынуға тиіс іс-шараларды атап көрсетті.
Испаниядағы сияқты, баспананы апат жағдайында сақтандыру қорын құру қажет, Бұл қаражатты жинап, ауқымды апат кезінде тұрақты түрде төлем жасауды қамтамасыз етеді,- дейді автор.
Сарапшының ұсыныстары туралы толығымен мына сайттан оқуға болады: vechastana.kz