Басты бетМТҚБ Автошаруашылығының еңбек сіңірген диспетчері

МТҚБ Автошаруашылығының еңбек сіңірген диспетчері

МТҚБ Автошаруашылығының еңбек сіңірген диспетчері

Ольга Верина – МТҚБ Автошаруашылығы РМК Көлік құралдарын пайдалану бөліміндегі үздік диспетчерлердің бірі, жастардың тәлімгері. Диспетчердің жұмысы оңай емес, үнемі жинақы жүруді, психологиялық тұрақтылықты қажет етеді. Шын мәнінде, диспетчерлік бөлме – бұл фронт-офис, кәсіпорынның бет-бейнесі десек артық айтпаймыз. 

Күн сайын екі жүзге тарта көлік жолға шығады.  Диспетчер жол құжаттамасын жасайды, машиналарды өтінімдер бойынша бөледі, тапсырыс берушілерден өтінім қабылдайды. Жүктеме жоғары, қарбалас жұмыс кезінде күн қалай зу етіп өте шыққанын байқамай қаласың: бір ауысымда 500-600 қоңырауға жауап беру керек. Диспетчерлер ауысыммен жұмыс істейді: 1 күн, 1 түн, артынша 48 сағат демалыс.

«2002 жылы тағылымдамадан өтуге келгенде бір ай істеп, кетемін деп ойладым. Үйренісуім өте қиын болды. Содан бері 23 жылдың қалай өткенін байқамадым.  Мен бір жұмытан екінші жұмысқа жүгірмейтін адаммын. Енді тек зейнетке шығамын», - деп күледі Ольга Ивановна.

Диспетчердің жұмысындағы ең қиын нәрсе не? Бұл сұраққа еңбек ардагері былай деп жауап берді: «Ең қиыны – адамдармен тіл табыса білу. Көлікті шұғыл түрде жіберу мүмкіндігінің болмауы жұмыс кезінде жиі кездесетін сәт, ал адамның өтінішінен бас тарту күні бойы көңіл-күйді бұзуы мүмкін. Менің міндетім - диспетчер ретінде, тапсырмаларды мүмкіндігінше тез шешу».

Автошаруашылықтағы әріптестері Ольга Веринаның таланты бар - ол әрқашан мейірімді, әрқашан күлімсіреп жүреді дейді. Адамдармен қарым-қатынас орнатудағы бұл таланты оған күнделікті өмірде, отбасында да көмектеседі. Бүгінде Ольга Ивановна 3 бала тәрбиелеп өсірген аяулы ана, 3 немересінің ардақты әжесі.