Басты бетМО ауруханасындағы Ұйқы зертханасының ерекшелігі

МО ауруханасындағы Ұйқы зертханасының ерекшелігі

МО ауруханасындағы Ұйқы зертханасының ерекшелігі

Осы аптаның жұма күні, күн мен түн теңелетін Наурыз мерекесінің қарсаңында Дүниежүзілік ұйқы күні атап өтіледі. ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бірегей Ұйқы зертханасының мамандары үшін бұл – кәсіби маңызды күн. Осыған орай, адам денсаулығы үшін дұрыс ұйықтаудың өте маңызды екенін еске салып қойған артық емес. 
el.kz порталына сұхбат берген Ұйқы зертханасы Функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі Әлфия Әбжанова ұйқы зертханасы немен айналысатынын, мұнда қандай зерттеулер жүргізіліп жатқанын, адам ағзасында нендей өзгерістер байқалған кезде дәрігерге қаралу қажеттігін айтып берді. 
Маманның пікірінше, ұйқының жақсы болуы – қартаю процесін баяулатады, өмір сапасын жақсартады және Альцгеймер сияқты нейродегенеративті аурулардың даму қаупін азайтады.
ДДҰ зерттеулері көрсеткендей, әлем халқының 51%-ы қажет мөлшерден аз ұйықтайды, 4%-ы обструктивті апноэ синдромынан зардап шегеді.
«Егер сіз қатты қорылдасаңыз, ұйқыңыз бұзылса, тыныс алудың үзілсе,  өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз, таңертең бас ауырса, күндіз ұйқы басса, артериялық гипертония, артық салмақ болса, күш-қуатыңыз кемісе, бұл обструктивті ұйқы апноэ синдромы болуы мүмкін. Себебі, ұйқы кезінде тыныс алу жолдары жабылады. Мұндай ауруы бар адамның тыныс алуы 20-30 секундқа, кейде одан да көп уақытқа тоқтап қалады. Бұл жағдай түнде 400-500 рет тіркелуі мүмкін. Оның салдары түнде оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі, ақыр соңы аритмия, инфаркт және инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін 5 есе арттырады. Апноэмен ауыратын науқастарда жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупі дені сау адамдарға қарағанда 7 есе жоғары», - деді Әлфия Әбжанова.
Сұхбаттың толық нұсқасын El.kz порталынан оқуға болады.