Басты бетHR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті

HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті

HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті HR процестерді жетілдіре түсуге бағытталған семинар-практикум өтті

ҚР ПІБ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі персоналды басқару, құжат айналымы, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жаңадан қабылданған нормативтік құжаттармен таныстыру мақсатында семинар-практикум өткізді.

Семинарға барлық ведомстволық қарасты ұйымдардың кадр қызметтерінің басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлер қатысты. Жиынды ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Адаев ашып, жүргізіп отырды.

Алғашқы болып сөз алған Инженерлік-техникалық орталықтың директоры Дәурен Нұралиев биылғы жылы өтетін «OPEN UDP DAY» шарасына ведомстволық қарасты ұйымдардың белсенді қатысуы керектігін жеткізді. Осы іс-шара шеңберінде бос орындар жәрмеңкесін өткізуге болатынын айтты.

Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шолпан Жұмағұлова Іс басқармасы жүйесіндегі персоналды басқару жұмысының негізгі бағыттары, корпоративтік мәдениет, әдеп кодексі, тіл саясатын дамытуға байланысты проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталды.

Инженерлік-техникалық орталықтың аналитик-әдіскері Нұржамал Нұрмағамбетова «Кандидаттың цифрлық рейтингі» жобасы, БКЖ (Бірыңғай кадр жүйесі), САК (Ситуациялық аналитикалық кешен) ақпараттық жүйелеріне мониторинг нәтижелері негізінде оларды толтыруға қойылатын талаптарды нақты деректер негізінде түсіндірді.

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті Әйкен Өтенова.

Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының 2025-2027 жылдарға арналған персоналды басқарудың бірыңғай стратегиясының мақсаттары мен қағидаттары, сондай-ақ 2024 жылғы 4-тоқсанның қорытындысының мысалында ведомостволық қарасты ұйымдар қызметкерлерінің KPI нәтижесін бағалау жұмысына талдау жасап, кемшіліктері мен жетістіктері туралы кеңінен түсіндіріп берді.

Сонымен қатар ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Раушан Ережепова, орындаушылық тәртіп, Іс басқармасына жолданатын құжаттардың сапасы, архив құжаттарын цифрландыру және тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты заңнамадағы жаңалықтар туралы, ал «Астана 20» мемлекеттік қорының бас менеджері Ерлан Бисимбаев тұрғын үй алу үшін материалдық көмекке қол жеткізу тәртібі жайында баяндады.

Семинарды қорытындылай келе ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Адаев қатысушылардың алдағы жұмыстарына табыс тілей отырып, әрбір ведомстволық ұйым өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен орындап, орындаушылық тәртіпке, персоналмен жұмыс жүргізуге, корпоративтік мәдениетті дамытуға байланысты жұмыстарды одан әрі жандандыруы қажеттігін атап өтті.