ҚР ПІБ Медорталығы Ұлттық госпиталінің офтальмохирургы Әлия Ғанимуратқызы inAlmaty.kz сайтына көру күтімі мен көз ауруларының алдын алуға байланысты маңызды аспектілер туралы баяндап берді.
Сарапшының айтуынша, көз құрылымының ерекшеліктері ауруды емдеуде және профилактикада маңызды рөл атқарады. Қара көзді адамдар, әсіресе азиялық этникалық топтарда глаукома жиі кездеседі. Ал ашық түсті көзге операция жасау оңайырақ әрі асқыну қаупі де аз.
Маман көздің түсін өзгертетін сәндік линзаларға ерекше назар аударды.
Әлия Ғанимуратқызы мұндай линзалар зиянды деген аңызды жоққа шығарып, оларды дұрыс қолданса, толықтай қауіпсіз дейді. Дегенмен, ол линзаны денсаулығын өз бетінше бақылай алатын ересектерге ғана тағуды ұсынады. Ал 50 жастан асқан адамдарға сәндік линзаларды қолдану ұсынылмайды.
Көздің денсаулығына теріс әсер ететін негізгі факторлардың бірі-ультракүлгін сәулеленудің әсері. Күн сәулелері катаракта, макулярлы дегенерация және қабықтың зақымдалуы сынды ауруларға түрткі болуы мүмкін.
Әлия Ганимуратқызы:
"Күн - біздің көзіміздің номері бірінші жауы, ол торлы қабықты бұзады. Өкінішке қарай, оны қалпына келтіру әдістері бүгінгі күнге дейін жоқ. Күннің ультракүлгін сәулеленуі көздің бірқатар жағымсыз өзгерісіне себепші болады. Катаракта мен макулярлы дегенерацияның дамуын тездетеді, қабықтың зақымдалуына әкеледі. Күн мен қарлы жазықтарда қорғаныс көзілдірігін кию қажет. Бұл зақым бірден байқалмайды, көбінесе 50 жастан асқанда сезіледі. Озон қабатының жұқаруы жағдайды нашарлатады. Қазір күн ашық, сәйкесінше қауіпті. Бұл жағымсыз өзгерістер тері қатерлі ісігі мен көз ауруларының көбеюіне әкелді. Көзге жас езден бастап күтім керек. Мен сіздің оқырмандарыңызға көзге пайдалы жеті керемет әдетті айтып берейін!” - дейді.
Сонымен, маман көруді сақтау және көз ауруларының алдын алу үшін келесі шараларды сақтау ұсынады.
1. Сарапшы көзді ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғау үшін күннен қорғайтын көзілдірік тағуға кеңес береді.
2. Темекі шегуден бас тарту. Өйткені ол катаракта, құрғақ көз синдромының дамуына ықпал етеді және макулярлы дегенерация қаупін арттырады. Темекі шегушілерде қоректік заттар мен дәрумендердің сіңуінің нашарлауы байқалады, бұл оптикалық нервтің күйіне теріс әсер етіп, көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
3. Алкогольден аулақ болу керек. Өйткені алкоголь денені сусыздандырады, бұл көзге жағымсыз әсер етеді.
4. Қан қысымын, қандағы қант пен холестеринді бақылау өте маңызды, өйткені оның жоғарылауы екінші типті қант диабеті мен гипертониялық ретинопатияның дамуына соқтыруы мүмкін.
5. Диетаға антиоксиданттарға бай тағамдарды қосқан жөн. Мырыш макулярлы дегенерация мүмкіндігін азайтуға көмектеседі және катарактаның дамуын баяулатады. А дәрумені торлы қабықты қорғайды және түс пен түнгі көруді жақсартады, ал Омега-3 май қышқылдары құрғақ көз синдромы мен қабыну ауруларының қаупін азайтады.
6. Офтальмологта қаралыңыз, өз бетіңізше емделмеңіз. Ерте диагностика және кәсіби көмек ауыр асқынулардың алдын алады және көзіңізге көмектеседі.
Дәрігердің айтуынша, көз жанарына күтіммен қарау күнделікті өміріміздің өмірдің ажырамас бөлігі болуы керек.