МТАЖО орталығында медициналық мекемелердегі сall-орталықтың тиімділігін арттыруға арналған тренинг өтті.
Тренингке сall-орталық операторлары мен науқастармен жұмыс істейтін мамандарды қоса алғанда түрлі бөлім қызметкерлері қатысты. Шараны тәжірибелі бизнес-тренер және коммуникация мен сату техникасы саласында көпжылдық жұмыс өтілі бар коуч Алмаз Амалбеков жүргізді.
Кездесуде Алмаз Амалбеков науқастармен коммуникация жасаудың қыр-сыры, алғашқы әсер қалдырудың маңызы және сәтті сатылымның негіздері туралы өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Бұл дәріс мамандарға науқастармен қарым-қатынас жасау дағдысын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге клиенттерге қызмет көрсету сапасын және олардың қанағаттану деңгейін арттыруына мүмкіндік берді.