Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172)741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ішкі аудит бөлімінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы, В-3 санаты
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметінің сәйкестігіне, мемлекеттік сатып алу өткізу және шарттар талаптарының орындалу рәсімдеріне, аудит объектісінің тауар-материалдық қорлары мен өзге де активтерінің сақталуына аудит жүргізу. Мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметінің тиімділігіне, мемлекеттік органда, оның ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуіне, мемлекеттік органның бюджет шығыстарымен байланысты мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуіне аудит жүргізу. Заңнамаға сәйкес қаржылық бақылауды, мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілген ұйғарымдардың, аудиторлық қорытындыда, ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпараттың уақтылы және толық орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша ведомстволық қарасты ұйымдарға консультативтік көмек көрсету. Ведомстволық қарасты ұйымдардың ішкі бақылау туралы ақпаратын жинақтауды және бөлім меңгерушісіне ұсынуды жүзеге асыру. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген аудит туралы есептер мен ақпарат дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілер жобаларының дайындалуына қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын және мемлекеттің өзге де активтерін пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау. Мемлекеттік орган мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметінде пайда болатын ішкі аудит мәселелері бойынша ақпарат пен анықтамаларды дайындау. Аудит (тексеру) қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ведомстволық қарасты ұйымдардың ішкі аудит (бақылау) қызметтерімен бөлім арасында тәжірібие алмасу жөнінде жұмыс жүргізү.
Орташа лауазымдық жалақысы: 593 751
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мемлекеттік аудит, құқық, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит.
Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы талап етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-3 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы
21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Әңгімелесу өткізу орны мен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.