Президент Іс басқармасы жанындағы Президентік орталық қорында фото-аудио-видео материалдарды қоса алғанда 158 мыңнан астам құжат жиналған.
Жуырда Орталық директорының орынбасары Дулат Жүкеновтің dknews.kz сайтында жарияланған мақаласында осы және өзге де қызықты деректер айтылды.
- Президент орталығының архивінде егемен еліміздің қалыптасу барысындағы айтулы оқиғалардан сыр шертетін, Қазақстанның ішкі саясатындағы, әлеуметтік-мәдени даму жолындағы белестер көрініс тапқан.
Президенттік институттың қалыптасу тарихын, елдің мемлекеттік құрылысы, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудағы жетістіктерді, т.б. мемлекетіміздің дамуының негізгі белестері туралы осы деректер арқылы білуге болады, - дейді ол.
Құжаттардың барлығы температурасы, ылғал, жарық деңгейі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, күзет, өрт қауіпсіздігі сынды талаптардың барлығы ескерілген арнайы орында сақтаулы тұрғанын атап өткен жөн.
Бұдан бөлек, Орталықтың 31 мыңнан астам кітап жиналған кітапхана қоры бар.