Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, факс: 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, В-3 санаты
Функционалдық міндеттері: ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдарда энергияны үнемдеу және энергия ресурстары мен суды пайдалануда энергия тиімділігін арттыру, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы мәселелері бойынша үйлестіру және жұмысын ұйымдастыру. Қызмет көрсетілетін объектілердегі энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз етудің сенімділігіне талдау және мониторинг жүргізу, мамандандырылған ұйымдардың энергия аудитіне, қауіпті объектілер мен құрылыс конструкцияларына жүргізілген техникалық тексерістің жұмыс сапасын бақылау жұмысын ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілер, өкімдік құжаттар әзірлеуді қамтамасыз ету және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да құжаттарды дайындау. Жетекшілік ететін ұйымдардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен өкімдік құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мәжілістері мен отырыстарына материалдар дайындауды, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар, ақпараттар, өзге де құжаттар дайындауды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұрау салуларын қарау.
Орташа лауазымдық жалақысы: 593 751
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: жылу энергетикасы, электр энергетикасы
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-3 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
2) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімінің бас консультанты, В-4 санаты.
Функционалдық міндеттері: Азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы, инженерлік-техникалық нығайту және Іс басқармасы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу мәселелері бойынша Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметіне талдау және мониторинг жүргізу. Президент Іс басқармасы жүйесіндегі объектілерді жұмылдыру, азаматтық қорғаныс, инженерлік-техникалық нығайту және терроризмге қарсы қорғау жөніндегі жоспарлы іс-шаралардың орындалу барысына талдау, мониторинг және бақылау жүргізу. Президент Іс басқармасының мәжілістері мен отырыстарына материалдар дайындауға қатысу. Жетекшілік ететін ұйымдардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен өкімдік құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мәжілістері мен отырыстарына материалдар дайындауды, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар, ақпараттар, өзге де құжаттар дайындауды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұрау салуларын қарау.
Орташа лауазымдық жалақысы: 375 741
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-4 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;
5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Өтініш);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Әңгімелесу өткізу орынымен мерзімдері: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,
12-кіреберіс мекенжайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.