20 қазан - Дүниежүзілік аспаз күніне орай ҚР ПІБ ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясында аспаздар байқауы өтті.
Әкімшілік ғимараттар дирекциясының «Үздік аспаз 2023» байқауында жеңіске жету үшін аспаздар өздерінің бар шеберліктерін паш етті.
Қоғамдық тамақтану қызметіндегі мамандардың шеберлігін жетілдіре түсіп, асхана қызметкерлерінің ынтасын көтеру, ас әзірлеу ісіне жаңа технологияларды енгізу үшін өткізілген сайыста қатысушылар ыстық ас, тамақтан кейінгі тәтті дәм, және салқын шайнама, яки салат даярлады. Қазылар қауымы тағамның дәміне, безендірілуіне және құрамына назар аударды.
ҚР ПІБ вдеомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кисикова, ҚР ПІБ бас инспекторы Айгүл Чинчалинова және ҚР ПІБ ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы директорының орынбасары Ерлан Оспанов қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Сайыс нәтижесінде ҚР ПІБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы №3 асханасы дәстүрлі қазақ тағамын еуропалық үлгіде дастарханға қойып, бірінші орынды жеңіп алды. Әлем халықтарының дәмін ұсынған №1 асхана екінші орынды иеленсе, шығыс халықтарының тағамын әзірлеген №1 асхана үшінші орыннан көрінді. №2 асхана ұжымына «Көрермен көзайымы» аталымы бұйырды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге тиісті дипломдар, сертификаттар табысталды. Іс-шара барысында қонақтар дайын тағамдардан дәм татып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.