Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, факс: 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік меңгерушісінің орынбасары, В-2 санаты
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша ведомстволық қарасты ұйымдардың жұмысын үйлестіру, белгіленген талаптарға сәйкестігіне ведомстволық қарасты ұйымдардың жартыжылдық және жылдық қаржы есептілігін тексеру мен талдау, басшылық бекіту үшін ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаржы есептілігін дайындау, қаржы есептілікті жасау, ұйымдармен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды жүргізу, өнім берушілер мен мердігерлер арасындағы дебиторлық пен кредиторлық берешек туралы есеп жасау.
Орташа лауазымдық жалақысы: 680 331
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары: бизнес және басқару
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының кодексін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санат лауазымдарының функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті бiлімдер.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, В-2 санаты
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Үкімет Аппаратымен, министрліктермен, ведомстволармен, мемлекеттік кәсіпорындармен және компаниялармен, Іс Басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ мемлекеттік билік және ресми іс-шаралар органдарының жоғары лауазымды тұлғаларына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына сапармен келген шетел мемлекеттерінің өкілдерімен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, Мемлекеттік күзет қызметімен іс-шараларды қамтамасыз ету және ресми делегацияларға қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Ресми делегацияларға көлік қызметін көрсетуді бақылау. Іс Басқармасы басшылығының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шетел мемлекеттерінің кәсіпорындарымен, халықаралық ұйымдармен делегацияларға қызмет көрсету бөлімінде келіссөздер мен кездесулерді дайындау. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бөлімнің міндеттеріне және функцияларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырумен байланысты қажетті іс-шараларды өткізуді үйлестіру. Делегацияларға қызмет көрсету бөлімінде Іс Басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру. Мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына арналған авиа және теміржол көліктерінің айрықша маңызды литерлік рейстерін дайындау және келісу. Автокөлікке арнайы мемлекеттік нөмірлік белгілерді ресімдеу, ауыстыру, әзірлеу, алу жөніндегі шешімдердің дайындалуын бақылау. Функционалдық міндеттемелерді орындау кезінде қолданыстағы заңнама нормаларының тиісінше қолданылуын қамтамасыз ету.
Орташа лауазымдық жалақысы: 680 331
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары: бизнес, басқару және құқық, педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, қызмет көрсету
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санат лауазымдарының функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті бiлімдер
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің бас инспекторы, В-3 санаты
Функционалдық міндеттері:
Ведомстволық қарасты ұйымдардың ресми іс-шаралар мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыру. Шетелдік делегациялардың Қазақстан Республикасына сапарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің және Мемлекеттік хатшысының шетелге сапарлары кезінде Президент Протоколының, сыртқы байланыстар бөлімінің және Үкімет аппараты, Мемлекеттік хатшы хатшылығының өтінімдері бойынша ресми іс-шараларды Протоколдық сыйлықтармен және естелік кәдесыйлармен, гүл және баспа өнімдерімен қамтамасыз ету. Протоколдық сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар қорын қалыптастыру, сондай-ақ гүл өнімдерін жеткізушілерді іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Протоколдық сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар сатып алу, сондай-ақ оларды уақытылы жеткізуді жүзеге асыру. Кәдесый өнімдеріне қажеттілікті қамтамасыз ету.
Орташа лауазымдық жалақысы: 593 751
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары: : бизнес, басқару және құқық, педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, қызмет көрсету
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санат лауазымдарының функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті бiлімдер
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-2 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-3 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
4) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.