Рүстам Албаев - Ақмола облысының тумасы. Мәскеудің А. Н. Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары институтын, сондай-ақ, Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын тәмамдаған, Астана қаласы (2001ж.). Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Ақмола облыстық балалар ауруханасында хирург болып бастады.
Осы жылдар ішінде ол Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық теміржол ауруханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығында еңбек етті.
2017-2020 жылдар аралығында Рүстам Албаев Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы №2 көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.