Басты бетМемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді...

Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2021-2022 оқу жылына грантқа түсуге шақырады

Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2021-2022 оқу жылына грантқа түсуге шақырады!

apa.kz kk r.png

  Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2021-2022 оқу жылына грантқа түсуге шақырады!

  Магистратура: 

  1 жыл:

  - MPA «Мемлекеттік басқару»

  - EMPA «Мемлекеттік басқару» (өндірістен қол үзбей)

  - MIR «Халықаралық қатынастар»

  - EMBA «Іскерлік әкімшілік» (өндірістен қол үзбей)

  - MRD «Өңірлік даму» (өндірістен қол үзбей)

  2 жыл:

  - MPP «Мемлекеттік саясат»

  - ME «Экономика»

  Докторантура: 3 жыл

  - DPA «Мемлекеттік басқару»

  - DIR «Халықаралық қатынастар»

  Қажетті құжаттар тізімі:

  1️. Өтініш

  2️. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі

  3️. Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес)

  4️. Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат

  Магистратура үшін:

  IELTS немесе IELTS indicator-4.0

  TOEFL PBT-437

  TOEFL IBT-41

  APTIS-B1/4.0

  Докторантура үшін:

  IELTS немесе IELTS indicator 5.5

  TOEFL PBT-513

  TOEFL IBT-65

APTIS-B2/5.5

Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже иеленген үміткерлер бұл талаптан босатылады.

5. ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін – қызметтік тізім, шетелдік үміткерлер үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ

6️. Мемлекеттік органның жолдамасы;

7️. Жазбаша жұмыстар:

- докторанттар үшін – зерттеу жұмысының жоспары

- магистранттар үшін конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде жазылады.

Ағылшын және қазақ тілі бойынша көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда үміткерлердің құжаттарды тапсыру кезінде www.apa.kz сайтында 23 наурызға дейін Pre-sessional курстарына жазылуға мүмкіндіктері бар.

Дайындық курстары Академия сайтында www.apa.kz онлайн тіркеуден өткен үміткерлер үшін ғана қолжетімді болады. Курс 3 модульді қамтиды:

Академиялық хат жазу және көпшілік алдында сөз сөйлеу

Ағылшын тілі

Ресми-іскерлік қазақ тілі

Pre-sessional курстары туралы толық ақпаратты#presessional2021 хештегі бойынша таба аласыздар.

Академияда оқудың артықшылықтары:

- лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы;

- шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;

- Академияда оқитындарға арналған жатақхана;

- оқу уақыты мемл.қызмет өтілі ретінде есептеледі;

- жұмыс орнының сақталуы.

Құжаттар қабылдау онлайн түрде 5 маусымға дейін жүргізіледі. Толық ақпарат www.apa.kz сайтында.