8 наурыз құтты болсын!
Аяулы қыз-келіншектер!
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Барлық арман-мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін, әрбір күндеріңіз қуанышқа тола берсін, көктем гүлінің жұпарымен өмірлеріңізге береке-шаттық енсін.
Баршаңыздың дендеріңіз сау болып, жақындарыңыздың қамқорлығы мен махаббатына бөленіп жүре беріңіздер.
Әрқашан жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз қарымды болсын!
Ізгі тілекпен, Ерлан Баттақов