Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының барлық қызметкерлері өзге ұйымдардағы әріптестерімен бірге панидемия жағдайында жұмыстарын жалғастырып, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салуда.
Марапатқа ие болғандардың арасында бүгін Президенттік клиниканың дәрігер – эпидемиологтары Айнаш Жүнісова, Әлия Исабекова, Президенттік клиниканың жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері Ирина Кушнерик, Ләззат Рыскелдинова, Орталық клиникалық аурухананың (Совминки) инфекционист – дәрігері Сәуле Шағманова, Орталық клиникалық аурухананың (Совминка) медбикесі Разия Уәлиева, Президенттік клиниканың клиникалық-диагностикалық зертханасының жетекшісі Ирина Янковская, ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының» басшысы Ерлан Қиясов бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Халық алғысы» медалі бүгін бірінші рет табысталды.
Сыйлық 2020 жылдың 8 маусымында пайда болды. Ол белсенді азаматтарға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы ерекше жетістіктері үшін, сондай-ақ пандемиямен күресуге қосқан үлесі үшін беріледі.