Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кәсіпорындарында инфекциялық қауіпсіздік шарал...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кәсіпорындарында инфекциялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп таныған коронавирустың өршуі бүкіл елде жұқпалы қауіпсіздік шараларының күшейуіне себеп болды.

Күн сайын мыңдаған адаммен жұмыс істейтін Іс Басқармасының кәсіпорындарында да қауіпсіздік ережелері енгізілді.

Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Қаржы министрлігі ғимараттарына басшылық ететін ҚР ПІБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясы барлық кіреберістерге антисептик мөлшерлегіштерді орнатты (күн сайын тек қана Министрліктер үйіне 8 мыңға дейін адам кіреді). Дезинфекциялық құралдармен бөлмелерді жиі тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлер медициналық маскалармен қамтамасыз етілді. Инфекциялық қауіп туындаған жағдайда сақтық шаралары жазылған арнайы жадынама дайындалған.

Сондай-ақ, дәл осындай шараларды Мәжіліс пен Парламент Сенатының ғимараттарына жауапты «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» жүргізуде.

ҚР ПІБ Автошаруашылығы өз қызметкерлерін медициналық маска, қолға арналған антисептик және медициналық қолғаптармен қамтамасыз етті. Көліктердің іші мен сырты антисептиктердің көмегімен тазалануда. Ал жолаушыларға инфекция туралы баспа материалдар таратылуда.

Іс Басқармасының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арнайы оқу-жаттығу шараларын өткізді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында дене қызуы көтерілген келушілерге арналған кабинет ашылып, шетелден іссапардан келген азаматтардың мониторингін жүргізуде. Сондай-ақ, стационарда емделіп жатқан науқастар үшін жеке қорғаныс құралдары мен азық-түлік өнімдерінің қажетті қоры жасалды. Қолды тазалауға арналған қосымша антисептик мөлшерлегіштері орнатылды. Клиенттерді ақпараттандыру үшін баспа материалдары мен бейнероликтер дайындалды. Дәрігерлердің шетелге оқу сапарлары мен шетелдік мамандардың сапарлары тоқтатылды.

Орталық клиникалық ауруханада (Мин.кеңесі) коронавирустық инфекцияға күдікті, ауруханаға жатқызылуы мүмкін деген адамдарға бокс-палаталар әзірленді. Триажды аймақтар қашықтан тексеретін термометрлермен жабдықталған. Пациенттермен ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

Бурабай туристік аймағының операторы – «Бурабай даму» «Визит орталығында» жоғары қауіпсіздік режимін енгізді. Қоғамдық шаралар тоқтатылды.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өзінің 20 жылдығына арналған балық аулау жарысын ұйымдастырмайтын болды.

«Қарлығаш» балабақшасы балалар мен ата-аналарға арналған жүріп-тұру ережелерін дайындады:

1.   Қолды күніне 20 секундтан 10-12 рет жуу;

2.   Бөлмелерді күніне 2 рет 15 минуттан кварцтау, кейін қайталап тұру;

3.   Бөлмелерді күніне кемінде 3 рет желдету (алдын-ала адамдарды шығару);

4.   Қызметкерлердің бетпердемен жүру ережесін қатаң сақтау;

5.   Жеке антисептиктерді қолдану;

6.   Жұмысшылар мен келішулердің жұмыс орнында антисептиктерді қолдануы;

7.   Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

8.   Тыныс алу этикетін қатаң сақтау;

9. Жиі қолданылатын заттарды (есік тұтқалары, үстелдер, дәретханалар) дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңдеу.

Бұл ережелерді кез-келген адам жұмыста ғана емес үйде де ұстанып, өзінің және өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.