Басты бет«Мемлекеттік мүлікті берудің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

«Мемлекеттік мүлікті берудің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

Мемлекеттік мүлікті берудің мәселелері туралы     

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

     1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінен «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

 

  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығымен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

 

       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                                                                               А. Мамин