Іс Басқармасы ведомстволық ұйымдарының заң саласы қызметкерлерінің арасында жыл сайын кәсіби сайыс өтеді. Биыл да 21 заңгердің арасынан үздігі таңдалды.
Кандидаттың жұмыс қорытындысы, қосымша білімге ұмтылуы, ғылыми жұмысы, әлеуметтік белсенділігі бағаланды.
Ұлан Зетов – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ заң басқармасының басшысы – бағалаудың барлық санаты бойынша үздік болды.
Ұлан 14 жылдан астам заңгер болып еңбек етеді, осы жұмыс уақытының жарты бөлігін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесінде өткеруде.
Үздік кәсіби жетістіктері үшін ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппарат басшысының арнайы дипломымен марапатталды.