Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс Басқарушы Ерлан Баттақов шараға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Іс Басқармасы жүйесінің құрамына кіретін әр ұйымның жұмысын атап өтті.
«Біздің ұйымдарымыздың қызметі экономиканың көптеген салаларын қамтиды: құрылыс, медицина, әуе және автокөлік тасымалы, табиғатты қорғау және туризмді дамыту, қоғамдық тамақтану, ғимараттарға қызмет көрсету. Бізге маңызы зор ірі жобаларды іске асыруға сенім білдіреді, себебі Іс Басқармасы – сапа белгісіне айнала білді».
Ерлан Баттақов ұжымның әлеуметтік жобаларын ерекше атап өтті: «Біз Арыс қаласындағы қайғылы оқиға кезінде бірлігіміз бен адамгершілдігімізді көрсете білдік. Іс Басқармасы жүйесінің әр қызметкері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ұйымдастырылған акцияға қатысты. Жиналған қаражатқа жарылыс салдарынан зардап шеккен балабақша күрделі жөндеуден өтті».
Іс-шара аясында Іс Басқармасының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды: «Барыс», «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, Қазақстан Республикасының құрмет грамоталары. Сонымен қатар, өзге де қызметкерлер Іс Басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды. Мереке қарсаңында ҚР ПІБ 50 қызметкері наградталды.