Басты бет«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ау...

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

ЖОБА

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Республикалық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған кәсіпорынның мүлкі есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) қоғамды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының       
Премьер - Министрі                                                                                                                               К. Мәсімов

 

 


 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы « » _________№ _____қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
29 қарашадағы № 1455 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциялары берілетін республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардың тізбесінде:

«Орталық аурухана Алматы, Панфилов көшесі, 139» деген жол алынып тасталсын.

2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлім реттік нөмірі 123-147 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«123-147. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ».

3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына» деген бөлім реттік нөмірі 309-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«309-1. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ».

4. «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімде реттік нөмірі 49 жол мынадай редакцияда жазылсын:

49.

1.

«Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы

 

_____________