Бүгінгі таңда Қазақстанда 140-тан астам сауықтыру ұйымдары бар және олардың біреуі ғана жоғары еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» ЕСК» АҚ EuropeSpa халықаралық сертификатына ие болған орталық азия аймағындағы бірінші объект болды. Сертификатты табыстау Висбаден қаласында (Германия) Еуропалық курорттық ассоциациясы (ESPA) ұйымдастырған «Ауруларды алдын алудың еуропалық күні» халықаралық конференциясында өтті. Конференцияға жетекші сарапшылар, зерттеу институттары, бейінді ассоциациялар, туристік операторлар және басқалары қатысты.
EuropeSpa сертификаттары медицина мен сауықтыру индустриясындағы ең қатаң талаптарымен белгілі. Мысалы, 2014-2019 жж. аралығында Еуропаның 13 елінен 26 Spa Wellness объектілері сертификаттаудан өтті. Оларды Германия, Австрия, Швейцария, Словакия, Чехия және Венгрияның оңалту саласындағы мамандандырылған ассоциациялары, клиникалары, мейманханалары мен белгілі сарапшылары әзірледі. Ең талғампаз шетелдік турист үшін де осындай сертификаттың бар болуы «Оқжетпес» санаторийінің медициналық, емдеу-сауықтыру қызметтері сапасының жоғары стандарттары мен қауіпсіздігін растайды. Себебі, ESPA еркін әрі қолжетімді құзырлы ақпаратты ұсынады.
Сонымен қатар, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ және ESPA ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Нәтижесінде, біріккен санаторийлер Ассоциацияның құрамына кірді. ESPA осы меморандумның шеңберінде Еуропалық Одақтың аумағында ұйымдарға жарнамалық қолдау көрсете алады. EuropeSpa сертификатын алу – бұл Қазақстандық келу туризмінің халықаралық деңгейде дамуындағы маңызды кезеңі.