Басты бетРеспубликалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бекітіп берілген республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                                                                                             А. Мамин


.dox форматында жүктеп алу