Басты бетҚР ПІБ Конституцияның мемлекет құрылымындағы рөліне арналған салтанатты жиын өткізді

ҚР ПІБ Конституцияның мемлекет құрылымындағы рөліне арналған салтанатты жиын өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Қазақстан Конституциясының 24-ші туған күніне орай мемлекет құрылымындағы негізгі Заңның рөліне арналған салтанатты жиын өтті.


«Бүгінде біздің әрқайсысымыздың білім алуға, бала өсіріп тәрбиелеуге, мансап құруға, саяхаттауға мүмкіндігіміз мол. Биыл елімізде үлкен саяси өзгерістер болды. Бұл тұрғыда Конституция осы үдерістер кезінде тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етті.» - деді өзінің құттықтау сөзінде Іс Басқармасының аппарат басшысы Сәкен Әбжанов.


ҚР ПІБ заң бөлімінің меңгерушісі Манарбек Сексеновтің сөзінше «мемлекетіміздің негізгі заңы сынақтан өтті, Отанымыздың гүлденуіне бағытталған басқа да заңдардың мәнін айқындай отырып, өзінің тікелей әрекетін дәлелдеді».


Жиынның соңында Іс Басқармасының мемлекетік қызметке жаңадан қабылданған төрт жаңа қызметкері мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады: «Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен  заңнамасын сақтауға, халқыма адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін».