Ойынның финалы күтпеген нәтижелерге толы болды. «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК командасы пенальти сериясында қарсыластарын айналып өтіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.
Іріктеу кезеңінде МРД құрамасы ҚР ПІБ Автошаруашылығының командасын пенальти сериасында ұтып, екінші кезеңде Әкімшілік ғимараттар дирекциясының ойыншыларын шаң қақтырды. Ал финалға Медициналық орталықтың командасымен шығып, ақтық кездесуді тең есеппен аяқтағанымен он бір метрлік белгіден допты қақпаға дөп соғып жеңіске жетті.
Екінші орынды ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының құрамасы иеленді (екі жыл қатарынан), Кеңсе ғимараттары дирекциясының командасы үшінші орынға тұрақтады.
Жеке есепте үздік қақпашы - Даниил Стасюнас (МРД), үздік қорғаушы - Кирилл Морозов (Медицина орталығы), үздік шабуылшы - Арыстан Ысқақов (ӘҒД) атанып, марапатталды.
Іс Басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдар арасындағы футбол турнирі жыл сайын ұйымдастырылатын спартакиада аясында өтті.