Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
- Мыналар:
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
- кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласында қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
- кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
- Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин