Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек ретінде біркүндік еңбекақысын аударды.
«Бұл қайғылы жағдайға әрбір қазақстандық үлкен жанашырлықпен қарап, әрқайсысы өз тарапынан мүмкіндігінше көмек көрсетуге ынта білдіріп жатыр. Біздің қызметкерлер де зардап шеккендерге көмек көрсету акциясын бірауыздан қолдады», - деді Іс Басқармасының аппарат басшысы Сәкен Әбжанов.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жүйесінде 14 ведомстволық қарасты ұйым бар, онда 10 мыңға жуық адам еңбек етуде.