Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Алмагүл Әбдіраева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық наградасымен марапатталды.
Алмагүл Толысбайқызы мемлекеттік қызметте 1992 жылдан бері жұмыс істейді. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орталық аппаратында еңбек етіп келеді. Оның саласы – қателік жіберуге болмайтын қаржы блогі. Алмагүл Әбдіраева табысты болу үшін жауапкершілік пен жинақылық басты шарт болуы тиіс екенін атап өтті.
Бүгін Іс Басқармасының аппарат басшысы Сәкен Абжанов Алмагүл Әбдіраеваға «Үздік мемлекеттік қызметші» наградасын салтанатты түрде табыстады.
Ол ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жемісті еңбек ету үшін қажымас қайрат пен денсаулық тіледі.
Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мереке ретінде күнтізбе бетінде 2013 жылы пайда болды, оны 23 маусымда атап өтеді.