Бүгін 4 маусым күні Іс Басқармасы қызметкерлерінің жұмыс күні Мемлекеттік Гимнді бірге орындаудан басталды.
Бұл бүкіл ел болып қолдайтын жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Таңертең сағат 09.00-де Министрліктер үйінің дәліздерінде Қазақстанның ең басты музыкалық композициясы және мемлекеттік рәміздердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалды. Іс Басқармасының қызметкерлері өз кабинеттерінен шығып, дәлізде орналасқан Мемлекеттік ту мен елтаңбасының алдында сапқа тұрды. Гимнді орындау қол соғумен аяқталды, яғни әріптестер бірін-бірі мерекемен осылай құттықтады.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда бекітілген. Сол кезде елімізде ресми түрде гимн, ту және елтаңба пайда болды. Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы №337 Жарлығымен бекітілді.