Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қараөткел» р...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының  шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

 «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  1 наурыздағы заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

2.   Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3.   «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшадағы, реттік нөмірі 4 жол алып тасталсын.

4.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

                Премьер - Министрі                                                                                                 А. Мамин