Мемлекет басшысының Өкімімен Сергей Михайлович Хорошун Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.
Сергей Хорошун мамандығы бойынша инженер-құрылысшы және қала құрылысы саласында кәсіпқой маман.
Ол Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымында 12 жылдан астам уақыт еліміздің бас қаласы құрылысына жетекшілік етті. Оның жауапкершілік аймағында сәулет және қала құрылысы қызметі, құрылыс жүргізу, жер қатынастары, үлескерлік құрылыс болды.
Сергей Хорошун Целиноград инженерлік-құрылыс институтының түлегі, инженер-құрылысшы мамандығын тәмамдаған.
1998-2000 жылдар аралығында – бөлім бастығы, «Қалалық коммуналдық қожалық» МКК КҚБ бастығының орынбасары;
2000 жылдан – Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры;
2005 жылғы ақпаннан – Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2006 жылғы қыркүйекте Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.